ҚАУЫРТ ЖЕЛІСІ ТУРАЛЫ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары! Түркістан облысының Арыс қаласында орын алған жағдайға байланысты БҚО ТЖ департаментінде «Қауырт желісі» жұмыс жасайды. Тәулік бойы 8 (7112) 55-40-90 телефон нөмірі бойынша сіз қажетті ақпаратты ала аласыздар.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД

Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

          

2018 жылдың 5-6 наурызында ҚР ІІМ ТЖК жұмыс жоспарына сәйкес алдағы су тасқынына күштер мен құралдардың, басқару органдарының дайындығын, Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуын жетілдіру мақсатында ҚР Ішкі істер министрінің басшылығымен «Көктем-2018» республикалық  командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.

 

Оқу-жаттығу тақырыбы: «2018 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңі жағдайында төтенше жағдайларды (бұдан әрі – ТЖ) жою кезіндегі іс-қимылдарға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің (бұдан әрі – АҚМЖ) басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау».

 

Оқу-жаттығуды өткізуге ұйымдастыру және жоспарлау құжаттары жасақталынып, облыстық, аумақтық АҚМЖ басқару органдарына жеткізілді.

 

ТЖ департаменті қызметкерлерінен оқу-жаттығудың басшылық штабы құрылды.

 

 

Дайындық кезеңінде:

 

Көктемгі мезгілде ТЖ-ны жою іс-әрекеті, облыстық, қалалық, аудандық буынның іс әрекеті және төтенше жағдайларға ден қою  жоспарлары мен қатар облыстық хабарлау жүйесі тексерілді.

 

21 ақпан күні облыстың ТЖ комиссиясының отырысы өтті, комиссия барысында аудандық әкімдіктердің міндеттері анықталынды, барлық меншік түрлеріндегі ұйым басшыларына тиісті тапсырмалар берілді және облыстық су тасқынына қарсы штаб құрамы бекітілді.

 

12 ақпан күні облыс әкімімен Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынының алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспар бойынша ұйымдастыру және іс жүзіндегі әрекеттер қарастырылған.

 

Көліктік байланыстар бақылауға алынды, қажетті материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және өзге қорлардың резерві құрылды.

 

Республикалық және жергілікті маңызды автожолдардың су өткізу құбырларын тазарту бойынша жұмыс өткізілді.

 

Ұйымдарға, оқу-жаттығуға қатысушыларға, тұрғындарға су тасқыны кезеңінде ТЖ пайда болған кезде әрекет ету, күштер мен құралдарды жұмылдыру тәртібі бойынша дәрістер оқылды. Басқару органдарында штабтық оқу жаттығулар және байланыс бойынша оқу-жаттығулар өткізілді.

 

БАҚ-қа оқу-жаттығу туралы баспасөз-релизі жолданды.

 

Оқу-жаттығу 2018 жылдың 5 наурызы сағ. 4.00-де барлық басқару органдарына облыстық құлақтандыру жүйесін, электрондық поштаны, сымдық және көшірмелік байланысты қолданумен «Дабыл-1001» дабылын хабарлаудан басталды.

 

 

 

Бірінші кезеңде: «АҚМЖ аумақтық кіші жүйесінің күштері, басқару органдарының функционалдық міндеттерін орындауға дайындығы»

 

Көктем мезгілінде АҚМЖ аумақтық кіші жүйесінің күштері, басқару органдарының функционалдық міндеттерін орындауға дайындығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімімен  жоғары дайындық режимін енгізуге шешім қабылданған болатын. Басқару органдарында жағдай қолайсыз дамуы жағдайларында құтқару және шұғыл жұмыстарды атқаруға жоспарлар мен бағыныстыларға міндеттерін нақтылау өткізілді. Жауапты лауазымдық тұлғалардың кезекшілігі, штабтық тәуліктік жұмысы ұйымдастырылған. Департамент қызметкерлерімен облыстық Азаматтық қорғау қызметтері штабтарының жұмысы тексерілді.

 

Облыстық мемлекеттік жүйе арналуы бойынша міндеттерін орындауға дайындыққа келтірілді.

 

Су тасқыны жағдайында күштер мен құралдардың жалпы есебі 72 құрылым, 2794 жеке құрам және 682 бірлік техника, 37 бірлік жүзу құралдары және 151 бірлік мотопомпа құрайды.

 

Өзендер мен су айдындары бойынша байланыспен қамтамасыз етілген 22 гидрологиялық бекет дайындықта.

 

 

2-деңгейде: «ТЖ пайда болған кезде облыстық МЖТЖ жүйесінің күштерімен басқару.

 

«Барыс-2002» дабылымен оқу-жаттығуға қатынасушыларға көктем мезгілінде облыс аумағында орын алуы мүмкін қолайсыз жағдайлары бар болжам жеткізілді. Облыстық, қалалық және аудандық ТЖ комиссиясының отырыстары өткізілді. Жылумен, сумен және энергиямен қамтамасыз ету объектілері және өзге тіршілікті қамтамасыз ету объектілері өз функционалдық міндеттерін жоспарлы режимінде орындады, жолдар және көпірлер қызметінің техникасы жарамды және дайындыққа келтірілді.

 

Облыстық су тасқынына қарсы штаб басшылығымен практикалық іс шаралар өткізілді:

 

облыстық шұғыл әрекет ету жасағының дайындығы тексерілді;

 

1,2 саябақ тұрғындарын су басу кезінде эвакуациялау жүргізілді;

 

зардап шеккендерді уақытша орналастыру пункттері тексерілді;

 

БҚО ТЖД «ЖҚЖ» ММ Деркөл, Шаған өзеніндегі мұз кептелісін тазалау, суға батқан автокөлігін шығару, су сору, бөгетті нығайту;

 

Ч. Набережный көшесінде орналасқан су өткізу құбырларын тазарту;

 

темір жол көліктерінде аварияларды жою жұмыстары бойынша практикалық жаттығулар өткізілді.

 

Тапсырма бойынша төтенше жағдайлар салдарын жоюға жеке құрамның 750 адам, 72 құрылым, 334 бірлік техника жұмылдырылды.

 

Сонымен қатар РФ ТЖМ Орынбор, Самара, Саратов облыстарының Бас басқармаларымен бейнебайланыс арқылы бірлескен штабтық жаттығу өткізіліп, барысында ауа-райы және жедел ақпаратты алмасу, өзендерге құйылатын су көлемін алмасу сұрақтары қарастырылды.

 

Республикалық басшылық штабқа 78 хабарлама және 28 фото жолданды.

 

Оқу-жаттығу барысы республикалық және жергілікті теледидар арналарында, баспа органдарында белсенді жарияланды.

 

Қорытынды:

 

Облыста «Көктем-2018» командалық-штабтық оқу-жаттығудың міндеттері мен мақсаттары орындалды, оқу-жаттығу жеткілікті ұйымдастыру деңгейінде өтті.