Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Жаңалық таспасы

14.10.2019

Киімнің қысқы үлгісіне көшуге байланысты 2019 жылғы 15 қазанында Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің жеке құрамы арасында саптық байқау өткізілді.

15.10.2019

Ақжайық аудандық Nur Otan партиясының өкілімен бірге Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және №10 ӨСБ-нің жеке құрамының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалдық сағаты» өткізілді.

15.10.2019

Қоғамдық көлікке отырып, біз өрт немесе апат сияқты штаттан тыс жағдайларды күтпейміз. Бірақ статистиканың мәліметіне қарағанда, көлік құралдарының жануы пәтер және жеке тұрғын үйлердегі өрттерден сәл ғана аз болып отыр. Көліктердегі өрт кенеттен, байқаусызда басталатынымен қауіпті. Барлық процесс санаулы секундтан 2-3 минутты ғана алады.

14.10.2019

2019 жылғы 14 қазан  сағат 13.05-те « БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ»  ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Орал қаласының Автожолшы саяжайында өрт туындағаны туралы қоңырау келіп түсті. № 2 МӨСБ өрт сөндірушілері шақырту орнына келіп, барлау жұмыстарын жүргізу кезінде 50 ш.м. саяжай үйінде өрт шыққанын анықтады. Өрттің себебі және кінәлі тұлғалар анықталуда.

14.10.2019

Батыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызмет бөлімдерінің арасында               «Үздік қарауыл» сайысы өтті. Іс-шара жеке құрамның кәсіптік шеберлігін көтеруге бағытталды.

14.10.2019

Алауды немесе тіпті ас үйде жанған сүлгіні кез келген кісі сөндіре алады. Бірақ әңгіме кең ауқымды өрт туралы болған кезде – апатпен алысуға ержүрек кәсіпқой мамандар шығады. Олар - өрт сөндірушілер.

11.10.2019

Қазанның 8-і мен 10-ы аралығында Батыс қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Білім басқармасымен бірлесіп Құтқарушы күнін мерекелеуге арналған «Жас құтқарушы» облыстық жарысын ұйымдастырды және өткізді.