Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Жаңалық таспасы

02.08.2019 

 

2 тамыз күні православиелік діндарлар Ильин күнін тойлайды. Бұл күні сенушілер киелі  Илья пайғамбарын еске алады. Оны найзағайдың, жаңбырдың және көктегі оттың билеушісі деп атаған. Бұл қасиетті христиандықтар ғана емес, мұсылмандар мен иудейлер де құрметтейді. Барлық діни дәстүрлерде оның функциялары мен қабілеттері ұқсас.

01.08.2019

 

2019 жылғы 31 шілдеде № «2029» Әскери бөлімінде кезекті жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді, ол – адамдар көп жиналатын нысандағы өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды пысықтау, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің нысан әкімшілігі мен қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау, эвакуациялау жоспарына сәйкес адамдарды ғимараттан шығаруды ұйымдастыру мақсатын көздейді.

 01.08.2019

 

1 тамыз күні өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында БҚО ТЖД бастығының орынбасары подполковник А.Ахметжановтың, Батыс Қазақстан облысымедициналық апаттар орталығы филиалының басшы-дәрігері Р.Байарыстановтың қатысуымен брифинг өткізілді. Брифингте талқыланған негізгі тақырыптардың бірі «Чапаево» трассалық медициналық-құтқару пунктінің жұмысы болды.

01.08.2019

  

2017-18 жылдары Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек аулында 48 тұрғын үй (104 пәтер) салынды. Аталған үйлер аудан аумағындағы тұрғын үй қажетті азаматтарға (жас мамандар, жас жанұя, тұрмысы нашар отбасы және т.б.) берілді.

31.07.2019

 

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті лезде құлақтандыру мақсатында смартфондар мен планшеттерге арналған Darmen тегін мобильді қосымшасы іске қосылғанын хабарлайды.

31.07.2019

 

Жол қозғалысы ережелерін сақтау - жолдағы қауіпсіздік кепілі.

30.07.2019

 

 

Жаңақала ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері мен Өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметінің 16-шы және өрт сөндіру бекеті біріге балалардың су айдындарында қаза болуын азайту және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  аудандық білім бөлімімен келісе отырып,  орта мектеп оқушыларына сабақтар өткізуде.