Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Жаңалық таспасы

31.12.2019

 

Бүгін, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында, 31 желтоқсан күні, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті басығы генерал-майор Жасұлан Жұмашев бастаған

31.12.2019

Жаңа жыл мерекесі жақындай келе, пиротехникалық өнімдерге сұраныс күрт өседі. Сауда сөрелерінде осы күндері пиратехникалық бұйымдардың көп түрін кездестіруге болады. Олар: зымырандар, отшашулар, шамдар, бенгал.т.б. Бірақ көбінесе, осы зиянсыз көрінетін ойыншықтар шынайы оқиғаларға себеп бола алады. 

30.12.2019

Қазір жаңа жыл қарсаңында өрт қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді. Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы мен Орал қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бірлесе отырып, 2019 жылғы 30 желтоқсанда қаланың әлеуметтік осал отбасыларын жаңа жылдық мерекелерімен құттықтады. Балаларға сыйлықтар сыйлап, 2020 жылға профилактикалық күнтізбелер тарату арқылы өрт қауіпсіздігі талаптарын еске салды.

Қысқы кезеңде өрттің алдын алу мәселесі аса өзекті: электр жылыту аспаптарын, пештерді пайдалану және басқа да өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы көптеген өрттердің себептері.

Құттықтау барысында БҚО ТЖД қызметкерлері тұрғындарға тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндірді, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері мен шұғыл қызметтерді шақыру телефондарының нөмірлері бар жаднамалар табыс етті.

Тұрғын үй секторындағы халық арасында әлеуметтік алдын алу жұмыстары өрттердің алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Оған рейдтер, азаматтар жиындарын өткізу, тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы нұсқаулықтар мен әңгімелер өткізу, сондай-ақ азаматтардың арасында парақшалар мен жаднамалар тарату кіреді.

Құрметті облыс тұрғындары! Егер Сіз өрттің немесе жазатайым оқиғаның қатысушысы немесе куәгері болсаңыз немесе қиын жағдайға тап болсаңыз, «101» немесе «112» нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.

БҚО ТЖД Зілзалалар қауіп-қатерін азайту

және азаматтық қорғау саласындағы

бақылау басқармасы

30.12.2019

Жаңа жылдық мерекелер жақындаған кезде азаматтар мереке алдындағы жұмыстарға түсіп, кейде ең бастысы - өздері мен жақындарының қауіпсіздігін ұмытып кетеді. Мерекенің өртке айналуына жол бермеу үшін азаматтық қорғау қызметкерлері қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, профилактикалық рейдтер өткізуде.

30.12.2019

30 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы Ж. Жұмашевтың төрағалығымен жедел кеңес өткізіліп, 2019 жылдың 11 айы қорытындыланды.

28.12.2019

 

Жаңа жыл деген – біздін өміріміздегі ең нағыз және көптен күтетін мейрамдарының бірі. Мейрамды түнектемей және жаңа жыл күндерін қуанышты өткізу үшін пиротехникалық ойыншықтардың кесірінен күйік, жарақат және өрт болуы себептерін естеріңізге салғымыз келеді.

27.12.2019

 Соңғы жылдары Жаңа жыл мерекесінде пиротехникалық бұйымдар мол қолданылады  және қауіп балалар және ересектер үшiн одан төнер көп. Қауіп көзі -сапасыз тауарлар.