Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Жаңалық таспасы

12.07.2019

 

Құрметті азаматтар! 2019 жылдың суға шомылу маусымы кезінде Батыс Қазақстан облысында 24 адам, оның ішінде 7 бала суға батты. Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Сіздерден судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды өтініп сұрайды!

12.07.2019

 

Жаз мезгілі келісімен ыстыққа шыда алмай облыс қонақтары мен тұрғындары салқындау және демалу үшін су шомылуға барады. Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіз суға шомылу маусымын ұйымдастыру үшін  судағы адам өлімін болдырмауға бағытталған кешенді шаралар өткізуде. Бұл суға түсу орындарындағы рейдтер өткізіп қарапайым қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, жаднамалар тарату, флешмобтар өткізу және т.б.

12.07.2019

 

Облыс аумағында жыл сайын автокөліктердің саны артып келеді. Қазіргі уақытта автокөліктердегі өрт оқиғалары жиілеп кетті. Алдын алу мақсатында ТЖ департаментінің қызметкерлері автокөліктер көп жиналатын жерлерде (орталық базар, автовокзал, мамандандырылған ХҚКО және басқалар) рейдтер жүргізеді.

12.07.2019

 

2019 жылдың 10 шілдесінде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс бөлімінің қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті  РУ-170/1 мекемесінде көшпелі сабақ өткізді. Дәрісті АМО медицина қызметкері, фельдшер М.Т.Жұмабаева, Азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері лейтенант А.М. Қалиев және курсант А.К. Аблаев өткізді.

 11.07.2019

 

Құтқарушылар Ақжайық ауданы Чапай ауылы жанындағы акваторияларда патрульдеу жұмыстарын жүргізу кезінде  ер адамның суға батып кетуінің алдын алды.

11.07.2019

 

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында ағымдағы жылдың шілде айының 9 күні, Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жәнібек ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің  қызметкерлері өрт қауіпті кезен және тұрғын үй секторында өрттерді алдын алу мақсатында, аудандық орталық ауруханасында қауіпсіздік бойынша дәріс өткізді.

10.07.2019

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды. Жастарды дамыту үшін қазір барлық жағдай жасалуда. Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағында Отан үшін абыроймен қызмет ететін жас құтқарушылар көп еңбек етуде. Солардың бірі-Айткалиев Бекжан Бекетович.