Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Жаңалық таспасы

15.11.2018

 

2018 жылдың 12 қарашасында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің кезекті аппараттық жиналысында № 5 мамандандырылған  өрт сөндіру бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Е.Е. Тасмуханбетов 2018 жылдың 22 қазаны мен 3 қарашасы аралығында өткен ҚР ІІМ  ТЖК Көкшетау техникалық институтында мамандандырылған өрт сөндіру бөлім басшылараның біліктілігін  арттыру курсы жөнінде өз баяндамасын  оқыды.

15.11.2018

 

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2025 жылға дейін қазақ алфавитінен латын тіліне ауысуды тапсырған болатын. «2025 жылға қарай біз іс-қағаздарды, мерзімді басылымдарды, оқу құралдарын латын әліпбиіне аударуымыз керек, қазірден  бұл жұмысты бастауымыз қажет» деген еді ұлт көшбасшысы.

14.11.2018

 

Қыс мезгілі өте қауіпті кезең сондықтанда аудандық Зеленов ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі төмендегі ескертулерге көңіл бөлулеріңізді сұрайды:

14.11.2018

 

Күздің соңғы айында көлдерде, өзендерде мұз қату мезгілі басталады. Қыстың суықтары соғып, қар жапалақтап, көптен күткен шаңғы ойындары, айдындарда коньки тебу уақыты басталар шақта, адамдар күнделікті қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытады.

14.11.2018

 

Мемлекет басшысы Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласын, дәлірек айтқанда кирил әліпбиінен латын әліпбиіне көшуді іске асыру мақсатында 14 қараша күні еліміздің барлық өңірлерінде латын әрпімен жалпыхалықтық диктант жазу өтті. Оған Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Ж.Жұмашевтың және оның орынбасары, подполковник А.Ахметжановтың бастауымен Департамент қызметкерлері де белсене қатысты.

13.11.2018

 

Көкшетау техникалық институты қазіргі таңдағы құтқарушыларды дайындайтын жалғыз оқу орны. Соған байланысты 11-сынып оқитын ер балаларды әскери оқуға түсу қызықтыратыны белгілі, себебі: адамдарды құтқару, өрт сөндіру, халқына қызмет ету нағыз ерлік, қиын әрі аса қауіпті жұмыс болғанына қарамастан ер-азаттардың басым көбі осы мамандықты таңдауда. Қазіргі таңда ауданымыздан 7 курсант Көкшетау техникалық институтында және 1 курсант Ресей Федерациясы Мәскеу қаласында «Құтқарушы» мамандығы бойынша өз білімдерін жетілдіруде.

13.11.2018

 

Балабақшаның  адам өмірінде алар орны ерекше. Балалар үшін ол тек білім нәрімен сусынданар орын емес, сонымен қатар қарым-қатынас орны. Ал, тәрбиешілер үшін ол қызмет орны, сондықтан да бұл орын жайлы  әрі қауіпсіз болуы тиіс.