Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Жаңалық таспасы

06.04.2018

 

 

5 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өрт орын алған жағдайдағы білім беру мекемесінің дайындығын тексеру мақсатында теориялық және практикалық түрдегі оқу-жаттығуы өткізілді. Аталған іс-шараға БҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының, БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің, ҚР ІІМ ТЖК-нің БҚО бойынша «Апаттар медициналық орталығы» ММФ, БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ қызметкерлері және жоғары оқу орнының ұстаздары мен студенттері қатыстырылды.

06.04.2018

 

 

Аймақтық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының №1 хаттамасының 2.5 тармағын орындау мақсатында және «Су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу айлығы» жоспарын іске асыру аясында 27 наурыз күні Сырым ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастамасымен №12 өрт сөндіру бөлімі және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықпен бірлесе отырып, сондай-ақ Сырым ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі маманының қатысуымен Жымпиты ауылының жалғыз басты тұрғындарына көмек көрсету, соның ішінде олардың су тасқынына дайындығын тексеру  бойынша рейд жүргізілді.

05.04.2018

 

 

Ағымдағы жылда БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы өзендер мен көлдердегі  су деңгейінің көтерілуі мен елдімекендерді су басудың алдын алу,  су айдындарындағы адам өлімін болдырмау мақсатында кешенді түрде  профилактикалық жұмыстар жасады.

04.04.2018

 

 

Казталов ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары жоспарға сай жүруде. Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында ауданымызда бірнеше жұмыстар қолға алынып, атқарылуда. Казталов ауданының  төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және №15-19 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері бірлесіп су тасқынының қауіпсіздігі туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында 1900-ден астам жаднама мен брошюралар таратылды .

04.04.2018

 

 

2018 жылдың 3 сәуірінде сағат 21.30-да Казталов ауданындағы жергілікті мәндегі «Казталов-Қошанкөл» жолының 35 километр жол төсемін қардың еруінен және су өткізгіш құбырлардың жоқтығынан ені 20 м және биіктігі 15-20 см еріген су басқандығы жөніндегі хабарлама келіп түсті.

03.04.2018

 

 

2018 жылдың 2 сәуірінде сағат 16.35-те Қаратөбе ауданындағы аудандық маңызы бар Қаратөбе-Қарақамыс жолының 3 километр жол төсемін қардың қарқынды еруінен ені 20 м және тереңдігі 20-30 см еріген су басқандығы жөніндегі хабарлама келіп түсті.

02.04.2018

 

 

Көктемгі су тасқыны мезгілі жақындап келеді. Өзендердегі мұздың беті күннің қызуымен, асты еріген сулармен жұқара бастайды. Бұл уақытта мұзда жүру өте қауіпті, кез келген мезетте мұз жарылып, суда қалуыңыз мүмкін.