Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Жаңалық таспасы

29.01.2018

 

 

Орал қаласындағы Гагарин атындағы балалар кинотеатрының  ұжымы балалардың қауіпсіздігі бойынша Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп дәстүрлі түрде бірқатар іс-шараларды ұйымдастырып келеді. 2018 жылы 29 қаңтарда кинотеатр шаңырағында төтенше жағдайлардың  алдын алу мақсатында №21 ЖОББМ 5 сынып оқушыларына кинолекторий өткізілді.

29.01.2018

 

2018 жылғы 29 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Н. Мусиев пен БҚО ТЖД Орал қаласының ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі О. Протопопова облыс мектептері оқушыларының қатысуымен онлайн режимінде «Қыс мезгілінде мұздағы қауіпсіздік», «Жолда қайғылы оқиғаға ұшырамау үшін не істеу қажет?» тақырыптарында интерактивтік сабақ өткізді. 

26.01.2018

 

 

2018 жылдың 26 қантар күні БҚО ТЖД Казталов ауданының ТЖ бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Н.И.Сисенов  Казталов аудандық білім беру бөлімінің Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің түлектеріне ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты туралы үгіт -насихат жұмыстарын жүргізді.

26.01.2018

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 549 жарлығымен азаматтық қорғау шеңберіндегі уәкілетті орган мен білім беру ұйымдарының Жалауы бекітілді.  

25.01.2018

 

Қызметтік жұмысты ұйымдастыруда кәсіби деңгейді арттыру  мақсатында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде ағымдағы жылдың 24-26 қаңтар аралығында Департамент бөлімшілерінің басшылық құрамының оқу-әдістемелік жиыны өтуде.

25.01.2018

 

Қазіргі таңда жемқорлық кез келген елдің экономикалық өсуіне  кесірін тигізер маңызды факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан Қазақстанда бұл мәселемен күреске жалпымемлекеттік мәртебе беріліп, қоғамдық әрі саяси ұйымдармен бірге жолын кесу, алдын алу бойынша көлемді шаралар жүзеге асырылуда.

24.01.2018

 

2017 жылдың өткен кезеңінде Батыс Қазақстан облысы аумағында автокөлікте 117 өрт оқиғасы тіркелді, бұл жалпы өрт санының 18% құрайды (663 өрт), ал өрт салдарынан келген материалдық шығын  80 млн. 398 мың  000 теңге, 13 адам қаза тауып, түрлі ауырлық дәрежесіндегі жарақатты 18 адам алған болатын.