Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Жаңалық таспасы

02.03.2018

 

 

Өрт сөндірушілердің атына әр түрлі жағдайларда, оның ішінде кәсіби міндетінде ғана емес, жүрек қалауымен көрсетілген көмекке алғыс және ризашылық білдірген сөздер жиі түсіп жатады. Алғыс айту күні аясында Батыс Қазақстан облысының өрт сөндірушілеріне «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қонақ ретінде болып шықты.

02.03.2018

 

 

2018 жылдың 27 ақпан күні Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында «Көлікте өрт қауіпсіздік» акциясы аясында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаменті Жәнібек ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық жергілікті полиция қызметі, «Ақбастау» жастар қоғамдік бірлестігі және М.Ықсанов атындағы колледждің студенттерімен бірлесіп аудан орталығы Жәнібек ауылында автокөлік жүргізушілер мен тұрғындар арасында үгіт-насихат шаралар ұйымдастырып жүргізді.

02.03.2018

 

 

Бөрлі ауданы азаматтық қорғау қызметкерлері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе, өрт қауіпсіздігіне сай кешенді іс-шаралар бағдарламасын іске асыру және өрттерде адамдардың жарақат алуы мен өрт санының көбеюінің алдын алу мақсатында өрт қауіпсіздігі айлығын ұйымдастыруда.         

02.03.2018

 

 

Өзен көлдерде су қатысымен әуесқой балық аулаушылар үшін арнайы уәкілетті органның рұқсаты қажет болмайтын мұз астынан балық аулау маусымы басталғаны бәрімізге аян. 2018 жылдың 27 ақпаны күні Сырым ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастамасымен, аудандық әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі маманы, жергілікті полиция қызметі және №12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп Жымпиты ауылы ішімен өтетін Өлеңті өзенінде балық аулаушыларды балық аулау маусымы  кезінде орын алуы ықтимал төтенше жағдайлардан сақтау мақсатында рейд ұйымдастырылды.

02.03.2018

 

 

Күзгі кезеңде өрт қауіпсіздігі жағдайлары  әлдеқайда күрделі болып келеді, себебі осы уақытта электр жылытқыштар, газ плитасы мен жылытудың түрлі құралдарын халық белсенді пайдалана бастайды.

02.03.2018

 

 

2018 жылдың 28 ақпан күні БҚО ТЖД Қаратөбе ауданының ТЖБ және №16 ӨСБ-нің қызметкерлері арқылы  Дүниежүзілік Азаматтық қорғау күні аясында Шөптікөл жалпы орта білім беретін мекетеп-балабақшасы, Қаратөбе-колледжі, Қаратөбе-гимназиясы және Мұхит ат.

28.02.2018

 

 

2018 жылдың 27 ақпан күні өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Ж.Жұмашевтың, «Қазгидромет» РММ филиалының директоры Н.Шияп, табиғат ресурстарын және табиғатты пайдалануды реттеу  облыстық  басқарма бастығының орынбасары М.Ихсангали, «Казводхоз» өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен брифинг өтті.