Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

09.10.2018

 

2017/18 жылдарға арналған төтенше жағдайлар кезіндегі жүріс-тұрыс ережелерін үйрету бойынша теориялық және практикалық сабақтардың жоспарына сәйкес 2018 жылдың 8 қазанында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері, лейтенанты А.М. Қалиев ШЖҚ "Облыстық онкологиялық диспансерінде" сабақ өткізді. Дәріс тақырыбы «Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі. «Баршаның назарына!» құлақтандыру дабылы». 

 

Өз дәрісін өткізу барысында БҚО ТЖД  АҚБ офицері ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу критерилері туралы да егжей-тегжейлі айтты. Іс-шараға 60 адам қатысты.

 

Осылармен қоса, лейтенант А.М.Қалиев аталмыш тақырып бойынша бейнероликтер көрсетті. Іс-шараның соңында дәріске қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, оларға офицер А.Қалиев толық жауап айтты. Ресей ТЖМ мен Беларусия ТЖМ ЖОО-ларына оқуға түсуге қатысты сұрақтар да за болмады.

 

Белгілі болғандай, "Баршаның назарына!" құлақтандыру дабылы бұл төтенше жағдайлар қаупі төнгенде немесе туындағанда халықтың назарын аударуға арналған сирен немесе басқа дабыл құралдары арқылы жеткізілетін бірыңғай дабыл.

 

Батыс Қазақстан облысы

ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің

офицері, лейтенант

А.Калиев