Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

09.10.2018

 

2018 жылы 8 қазан күні Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің жеке құрамы Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Батыс Қазақстан облысы департаменті маманы Р.Куанышкалиевпен кездесу ұйымдастырып өткізді.

 

Аталған кездесуде сыбайлас жемқорлықпен күресудің алғышарттары мен заңнамалық нормалары туралы айтылды. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық қоғамның дерті ретінде қабылданады. Мемлекеттік қызметшілердің тарапынан жасалған аталған қылмыс не құқықбұзушылық қатаң түрде жазаланды. Сондықтан да оны алдын алу мен болдырмау қажет. Р. Куанышкалиев Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңының негізгі баптары мен өзгерістерін атап көрсетті. Сонымен қатар, баршаның назарына арнайы әлеуметтік бейнеролик көрсетті.

 

Қызмет басшылығы мен жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар тоқсан сайын өткізіледі.

 

БҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ ММ

Кадр жұмысы бөлімі