Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

10.10.2018

 

Жақсылық жасау,  қиын сәтте  адамдарға көмек көрсету адамдағы ең керемет қасиеттің бірі. Тек көмек көрсету ғана емес, көмекке мұқтаж  адамға көрсеткен көңілдің өзі баға жетпес құндылық.

 

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің жеке құрамы басшылықтың қолдауымен кез келген қайырымдылық акцияларға белсене қатысады. Биыл «Гранд бал 2018» қайырымдылық акция шеңберінде Қызметтің №1, №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері мен №4 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қайырымдылық көмек көрсетті. Соның ішінде №5 мамандандырылған өрт  сөндіру бөлімінің аға жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау аға сержанты Д.Уразгалиев мүгедек және көпбалалы отбасыға көмек көрсетті. Отбасылар көрсеткен көмекке риза болды. Өзінің жастығына қарамастан қызметкерлер қазіргі күннен бастап шын жүректен көп нәрсені жасай алатынын сезінеді.

 

Аудандық бөлімдерінің қызметкерлері де өз аулының және кентінің қарияларына, мұқтаж жанұяларға көмек көрсетуде. Ауылдық жерлерде көмек тұрмыста да шаруашылықта да қажет. Бұл тек аз ғана, мүмкіндік болса әр уақытта көмек көрсетуге әзірміз , - деп айтады азаматтық қорғау қызметкерлері.

 

Осындай жақсы, мейірімді істер тек қана көмек ретінде ғана емес, жас ұрпақтарды тәрбиелеудің негізінің бірі ретінде қабылданады. Үлкендерді сыйлау, мұқтаж адамдарға көмек көрсету жастарда жақсылық, пейілділік, түсіністік, құрмет сияқты қасиеттерді тәрбиелейді.

 

Жыл сайын Қызметтің басшылығы мен жеке құрамы барлық қайырымдылық істер қатысып, өтеусіз көмек көрсетуге әзір екенін көрсетеді.

 

БҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ

Кадр жұмысы бөлімі