Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

10.10.2018

 

Жылыту маусымына дайындық кезеңіндегі  тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығы аясында Теректі ауданының төтенше жағдайлар бөлімі  №23 Өрт сөндіру бөлімімен бірлесіп  Өрт сөндіру бөлімінде «Ашық есік күнін» ұйымдастырып өткізді. 

 

«Ашық есік күнінің» мақсаты –  балаларға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері мен талаптарын түсіндіру, өрттің алдын алу - әрбір азаматтың міндеті екенін ұғындыру болды.

 

1 қазан күні Федоровка жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары Федоровка ауылында орналасқан №23 Өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлерімен кездесіп, олардың арнайы техникаларымен, өрт сөндіру құралдарымен танысты, балалардың ой өрістерін дамыту мақсатында әр түрлі викториналық (сұрақ-жауап) ойындар ойнатылды. Өрт сөндірушілер өздерінің күнделікті қызметтері туралы, өздерінің өрт сөндіру автокөлігі, арнайы құрылғылардың мүмкіндіктері туралы айтып берді. Бұның барлығы оқушылардың қызығушылығын арттыра түсті.

 

Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері балаларға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің басты ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіпсіздігін сақтау туралы жаднамалар таратты. Әңгімелесу барысында балалар осы сала бойынша өз білгендерін айтып,  қосымша сұрақтар қойып  білімдерін толықтыра түсті.

 

Теректі ауданының ТЖБ