Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

10.10.2018

 

Орта медицина қызметкерінің кәсібилігі мен біліктілігінің өсуін ынталандыру, сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі - Департамент) және оның ведомстволық бағыныстағы бөлімшелеріндегі медицина қызметкері кәсібінің мәртебесін көтеру мақсатында 9 қазан күні Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ғимаратында «Үздік орта медицина қызметкері» конкурсы өтті.

 

Оған 4 конкурсант қатысты, олар - №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің фельдшері, азаматтық қорғау кіші сержанты Алтынбек Қадырбеков, №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің фельдшері, азаматтық қорғау кіші сержанты Айбуби Мамбетова, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің фельдшері, азаматтық қорғау кіші сержанты Әнел Мұқанова,  БҚО ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» ММ құтқарушысы, медициналық ағасы Ақылбек Сайынов Ақылбек. Бұл конкурсқа Департаменттің барлық мамандықтары бойынша медицина қызметкерлері қатыса алатынын атап өткен жөн.

 

Конкурс 2 кезеңде өткізілді: алдын-ала және қорытынды кезең. Бірінші кезең облыстардың ТЖД аумақтарында өтсе, екінші кезең Комитетте өтеді. Осы күні комиссия мүшелері конкурс қатысушыларын медицина қызметкерінің әдеп нормасы мен мінез-құлық деонтологиясын  міндетті түрде сақтаумен, практикалық дағдыларды көрсету кезіндегі біліктілік іс-әрекетінің, теориялық және практикалық даярлық, коммуникабелділік пен қарым-қатынас деңгейі секілді критерийлер бойынша бағалады.

 

Комиссия мүшесі, төтенше жағдайларды жою бөлімінің басшысы, подполконик Б.Ихсановтың айтуынша, конкурс үш турда өткен.

 

- Бұл қатысушының таныстыруы, яғни «Қатысушының визиттік карточкасы» деп аталатын таныстыру конкурсы. Орта медицина қызметкерінің біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкес келетін жалпы саны 30 тест сұрақтарынан тұратын тестілеу және тәжірибелік дағдыларды көрсету. Ол манекен-тренажер арқылы шұғыл медициналық көмек көрсетуді (жасанды тыныс алдыру, жүрекке жанама массаж жасау, қан кету, аяқ ұштарының жарақаттануы кезінде көмек көрсету және б. түрлерін) қамтиды, - деді Б.Ихсанов.

 

Конкурс қатысушылары тест тапсырмасына (жедел медициналық көмек көрсету кезіндегі көрсеткіштерді, қарсы көрсеткіштерді) сауатты жауап береді, жабдықты дайындайды және фантомда манипуляцияларды орындайды, процедура барысында мүмкін болатын проблемаларды көрсетеді және оларды шешу жолдарын сипаттайды.

 

Табанды жарыстың қорытындысы бойынша №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің фельдшері, азаматтық қорғау кіші сержанты Алтынбек Кадырбеков жеңімпаз атанды, ол Астанада өтетін конкурстың қорытынды кезеңіне қатысады. Конкурс ережелеріне сәйкес комиссия мүшелерінің ең үздікті анықтау үшін жеңімпазды түпкілікті анықтау мақсатында теориялық және практикалық тапсырмаларға жүгінуге тура келгенін айтып өткен жөн.

 

Батыс Қазақстан облысы ТЖД

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы