Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

05.11.2018

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ТЖ комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 1-2 қараша күндері Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В.Ильиннің жалпы басшылығымен «Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Оқу-жаттығуға сай бас қосқан аудандағы төтенше жағдайлар бөлімі мен өзге де құрылымдар, басқарма-кәсіпорындар қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайлардың алдын алуды пысықтап, төтенше жағдайға жол бермеу және алдын алу шаралары жайында кеңесті.

 

Қаратөбе ауылы аумағында аудандық шұғыл әрекет ету жасағының саптық байқауы өткізілді. Саптық байқауға аудандық шұғыл әрекет жасағының 30 техникасы мен 86 адамы қатысты. Жасақтың дайындық жұмысымен аудан әкімі Ж.Асантаев, аудан әкімінің орынбасары Р.Имангалиев, аудан әкімінің көмекшісі М.Омаров, Қаратөбе аудандық ТЖБ бастығының м.а. азаматтық қорғау подполковнигі М.Искаков танысты.

 

Оқу-жаттығу жоспарына сай алдымен олардың дайындығы, төтенше жағдай орын алған кездегі іс-әрекеттері толық тексерістен өткізілді. Техникалардың сақадай сайлығы,  бұл саладағы мамандардың біліктіліктері іс жүзіндегі жағдайға сәйкес әрекет етуі толық қадағаланды. Оқу-жаттығу өз мақсатына жетті. Аудандық шұғыл әрекет жасағы алдағы қыс кезеңіне дайын.

 

Мекемелер мен кәсіпорындардың қысқы кезеңге дайындықтарын тыңдаған аудан әкімі Ж.Асантаев әр іске жауапкершілікпен қарауды, қыс кезеңінде ұйымшылдықпен өткізуді тапсырды. Жылдың қыс мезгіліне ауданынның қаншалықты дайын екендігін уақыт көрсетеді.

 

Мэлс Искаков

БҚО ТЖД Қаратөбе ауданының ТЖБ-нің бастығының м.а.

азаматтық қорғау подполковнигі