Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

05.11.2018

 

«От пен су халықтың басты тілсіз жаулары!» демекші  өрттің аяқ астынан, абайсыздықтан шығуы адамдарды, жан-жануаларды қаншама зардап шектіріп, орны толмас жағдайларға әкелетіні баршаға белгілі.

 

Атап айта кететін болсақ, биылғы 2018 жылы Тасқала ауданы бойынша 9 ай  ішінде 10 өрт оқиғасы тіркелді,  (8 - тұрғын үй аумағында, 2 - тұрғын үй аумағынан тыс жерде), ал 2017 жылы  6 өрт тіркелген (60 %-ға артқан), және сіріңке, қоқыс  немесе темекі тұтандырғыштармен дала шабындықтарында  23 жану оқиғасы  тіркелген (2017 ж. – 39) 59%-ға кеміген, адам шығыны болған жоқ. Авариялық-құтқару жұмыстарына – 2 рет шықтық. Сонымен қатар, айтып өтетін жағдай бөлімде авариялық құтқару жұмыстарына шығатын құралдары мен жабдықтары толығымен қондырылған УАЗ авто көлігі бар екенін айтып өткен жөн.       

 

Сөз соңында, құрметті азаматтар, ата-аналар сіздер отты пайдалану кезінде балаларыңызды қараусыз қалдырмауыңызды және отпен ойнауға жол бермеулеріңізді сұраймыз!

 

Тасқала ауданының ТЖ бөлімі