Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

06.11.2018

 

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Азаматтық қорғаныс бөлімі Батыс Қазақстан облысының санатталған объектілерінің және азаматтық қорғау қызметтерінің қызметкерлеріне азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақ өткізді.

 

Осы іс-шара барысында Азаматтық қорғаныс саласындағы негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар, азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу негіздері жеткізілді. Азаматтық қорғаныс бойынша оқу-жаттығуларды сапалы дайындау мен өткізуді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бұйрығымен бекітілген Азаматтық қорғау саласындағы оқу-жаттығуларды, жаттығулар мен сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар жеткізілді.

 

Өкілдерге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 " Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 18 наурыздағы № 209 "Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығына сәйкес Азаматтық қорғаныс бойынша іс-шараларды орындау бойынша жыл сайынғы есепті жасауға және уақытында ұсынуға әдістемелік көмек көрсетілді.

 

Материал слайдтық сүйемелдеумен көрнекі көрсетілді, сонымен қатар, өкілдер үшін әдістемелік құрал әзірленді.

 

Азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері

лейтенант А. Адилбеков