Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

08.11.2018

 

Қаратөбе ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі 2018-2019 оқу жылы бойынша ҚР ІІМ КТИ-ға оқуға түсуге үміткерлерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Атап айтқанда, институтқа үміткерлерді дайындау мақсатында бөлімшелердің жауапты қызметкерлері  «ӨС және АҚЖҚ» ММ №16 ӨСБ базасында Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Мұхит ат.ЖОББ мектебі және Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының оқушыларына «Ашық есік күнін» ұйымдастырды.

Қаратөбе ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері аудандағы ЖОББ мектептерінің  9-10-11-сынып оқушылары арасында ҚР ІІМ ТЖК-нің Көкшетау техникалық институтына түсу туралы және де оларға ауысу тәртібімен Ресей және Беларусь Республикасы ТЖМ бейінді жоғары оқу орындарына оқу мүмкіндігі болатыны туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.  Оқушыларға оқу базасы бойынша видеокөрсетілімдері көрсетіліп, парақшалар таратылды.  Сонымен қатар, WhatsApp месенджеріне, Vk, Instagram, Facebook әлеуметтік желілері парақшаларына институтқа түсу шарттары туралы жаднамалары таратылып, жарияланды.

 

Мэлс Искаков

Қаратөбе ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының м.а.

азаматтық қорғау подполковнигі