Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

13.11.2018

 

Балабақшаның  адам өмірінде алар орны ерекше. Балалар үшін ол тек білім нәрімен сусынданар орын емес, сонымен қатар қарым-қатынас орны. Ал, тәрбиешілер үшін ол қызмет орны, сондықтан да бұл орын жайлы  әрі қауіпсіз болуы тиіс.

 

Балалық шақ әрқилы өмірлік танымдарды үйренумен белгілі, соның ішінде қарапайым өрт қауіпсіздігінің ережелеріне үйрету ойын негізінде, баланың қызығушылығын аттыру арқылы жүзеге асады. Осыларға сүйене, БҚО ТЖД Бөрлі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері А. Идалиева «Сіріңке - балаларға ойыншық емес» атты викторина жүргізді. Шара барысында балабақша тәрбиеленушілеріне ойын түрінде өрт қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, өрт кезіндегі іс -әрекеттер мен түтіннен қалай қорғану керектігі үйретілді.

 

Балалар өміріндегі үйреншікті әдет - өрт қауіпсіздігі бойынша өмір шығармашылығына үйрену, ал өрт қауіпсіздігінің идеологиясы - жалпы қабылданған өлшем болуы тиіс.

 

Балабақшалардың басты мақсаты - өз қызметкерлері мен тәрбиеленушілерін  өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету және өрт пен жанудың туындау алғышартын болдырмау.

 

БҚО ТЖД Бөрлі ауданының ТЖБ инженері

азаматтық қорғау капитаны

А. Идалиева