Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

04.12.2018

 

Тұңғыш Президент күні - күнтізбенің қызыл күні болып саналады. Дәл осы күні 1991 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ КСР Президенті лауазымына сайланды, ал екі аптадан кейін Тәуелсіз Қазақстанның Басшысы болды.

 

Тұңғыш Президент күніне орай жыл сайын ауқымды іс-шаралар өткізіледі.  БҚО Бөрлі ауданында азаматтық қорғау қызметкерлері жеке құрамның қатысуымен жиналыс ұйымдастырды. Жиналыста баяндама оқылып, Тұңғыш Президенттің өмірбаяны, Ұлт Көшбасшысының қалыптасуы, Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның егеменді даму жолындағы жетістіктерін баяндайтын фильм көрсетілді.

 

Жиналыс соңында қызметте ерекшеленген қызметкерлерге Бөрлі ауданы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Р. Б. Кайргалиевтың атынан алғыс хаттар табыс етілді.

 

Бөрлі ауданы ТЖБ инженері

азаматтық қорғау капитаны

А. Идалиева