Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

04.12.2018

 

Баржадан адамдарды толық эвакуациялау бойынша өрт-тактикалық жаттығулары біздің уақытымызда қажет. Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – халықты эвакуациялау жөніндегі үйлесімді қызметтердің жұмысын тексеру және зардап шеккендерге көмектесу. Ерекше маңыздысы - бұл өрт жағдайындағы әрекеттер, ал кейбіреулерін Төтенше жағдайлар кезінде сабырлы мінез-құлықтарға психологиялық дайындайды.

 

Қызметкерлермен кездесу барысында Орал қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау подполковнигі А. Ешмуханов өрт кезінде қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Бұдан басқа, ол өрт сөндіргіштерді қолдану бойынша оқу және  өрт қауіпсіздігі бойынша шаралар өткізді. Баржадан эвакуациялау бойынша оқу жаттығу және симуляциялық өртті сөндіру сәтті өтті. «ЭСТОРАЛ» ЖШС ұйымының қызметкерлері мен басшылары өздерінің жұмысының үйлесімділігіне және өртті сөндіру қызметтеріне де риза болды.

 

Орал қаласы Төтенше жағдайлар

басқармасының бас маманы азаматтық қорғау

капитаны

Е.Айткалиев