Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

05.12.2018


Қызметтің бөлімше қызметкерлері 2018 жылғы 20 қарашасы мен 28  желтоқсан аралығында қыс мезгіліндегі өрт қауіпсіздігі айлығына белсене кіріскен болатын.


Осы айлық аясында тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар әлі де өткізілуде.


26 қараша мен 3 желтоқсан аралығында жеке үй секторларында төтенше жағдайларға байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жаднамалар таратылды. Нақтылайтын болсақ, өрт сөндіру бөлімдерінің жігіттері 5710 үйді аралаған (16134 халықты қамтыған) болатын. Қызметтің 375 жеке құрамы жұмылдырылды.


Сонымен қатар, өрт сөндіру бөлімдерінде «Ашық есік күндері» өткізілуде, Круглоозер ауылындағы орта мектепте оқушыларды өртке қарсы жабдықтармен, құралдармен, өрттен қорғау тарихымен, өрт сөндіру қызметінің кейіпкерлерімен таныстырған ашық сабақ өткізілді. 

 

«Батыс Қазақстан облысы

Төтенше жағдайлар департаменті

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы