Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

05.12.2018


Қазіргі кезде ауа-райының салқындауына байланысты өзен-көлдердің,  басқа да су айдындарының бетін қабыршақ мұз жаба бастады. Сол себептен  мұз тоқтау кезінде және қыс мезгілінде мұз үстіне  шыққан кезде аса сақ болған жөн.


Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында, қайықта отырып немесе мұз жұқалап қатқан уақытта балық аулаған біріншіден кезде сақ болу қажеттігін ескертеміз. Екіншіден жүзу білмейтін адамдарға тіпті, қайыққа отырмағаны да жөн. Қайықта балық аулаудағы қауіпсіздік шарасы - ол ұқыптылық және тиянақтылық.


Мұзда жүру кезінде балыққа барғанда, қайыққа отырмағанның өзінде де құтқару жилетін өзіңмен алып шық. Тағы бір жайт, балыққа жалғыз бармаңыз, өзіңізге серік ала шығыңыз. Қауіпсіз балық аулау келесі қарапайым ережелерді сақтағанда жүзеге асады.


Сонымен қатар, балыққа шығар алдында ауа райы болжамын анықтап алыңыз, себебі күн жылынған жағдайда судың бетіндегі қатқан мұз еріп жарылып кетуі мүмкін.


Әрдайым ұялы телефоныңызды бірге алып жүріңіз, егер зардап шеккен адамды кездестірген болсаңыз, дереу хабарлап қажеттіне қарай көмек шақырыңыз. Қосымша көмек келгенше өзіңіз қолыңызда бар жабдықпен алғашқы көмек көрсетіңіз.


Ең қауіпті жағдай: балық аулау кезінде алкаголдік ішімдік ішу, түнгі уақытта балыққа шығу. Тағыда ЕСКЕРТЕМІЗ, біздің ең негізгі құндылығымыз адам және адам өмірі.

 

БҚО ТЖД Бөкей ордасы ауданы

ТЖБ аға инженері

азаматтық қорғау лейтенанты

Хайруллина Б.