Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

06.12.2018


Әрбір объектінің өз архитектуралық және құрылыстық ерекшеліктері бар. Сондықтан, өрт пен тактикалық жаттығуларды жүргізу кезінде, әсіресе, адамдар жаппай келетін объектілерде өрт сөндірушілер ғимараттың әр бұрышын, негізгі және төтенше шығу орындарының орналасуын, объект аумағына өрт гидранттарын орналастыруды және тағы басқаларды алдын ала және мұқият тексеруі қажет.


5 желтоқсанда «БҚО Әкімдігі Мәдениет басқармасының Қадыр Мырзалиев атындағы мәдениет және өнер орталығында» екі мақсатқа негізделген  өрт-тактикалық жаттығулары өткізілді. Біріншісі – адамдар жаппай келетін объектідегі өрт сөндіру бойынша іс-әрекетті пысықтау, бұл жеке құрам үшін жаңа болмаса да жүйелі түрде жаттығуды талап етеді, ал екіншісі - эвакуациялау жоспарларына сәйкес ғимараттан адамдарды шығаруды ұйымдастыру, бұл жаттығу оқу-жаттығу ұймдастырушыларын едәуір терлетті.


Оқу-жаттығу шарты бойынша жертөле қабатындағы баспасөз-конференциясы залында өрт шығады, сондай-ақ орын-жайда келушілер көп болып ғимараттан шығып үлгермеген зардап шегуші де болады. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін кәсіпорын қызметкерлері 22  адамды эвакуациялайды (қауіпсіз орынға шығарады).


Бірнеше минуттардан соң объект орналасқан шығу ауданындағы шартты өрт орнына бірінші бөлімі келіп, келісімен зардап шегушілерді құтқаруға кірісті. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері 6 адамды құтқарды.  Бұдан кейін оқу-жаттығу орнына өртке қарсы қызметтің басқа бөлімшелері, жедел жәрдем, газ қызметі және жергілікті полиция қызметі жетті. Өрт-тактикалық оқу-жаттығуына  13 бірлік техникалар жұмылдырылды.  


Шартты өрттегі жұмыс үш бағыт бойынша ұйымдастырылды – бөлмелердегі адамдардың бар-жоғына тексеріс жүргізу, өртті сөндіруді ұйымдастыру, жапсарлас бөлмелерді қорғауға оқпан берілді. Оқу-жаттығу барысында өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің объект әкімшілігімен және Орал қаласының тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимылы пысықталды.


Оқу-жаттығудың мақсаттары мен міндеттері орындалды.

Арайлым Ғани,

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы