Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

11.01.2019

 

Ағымдағы жылдың қаңтар айының бастамасы қатты аяз, боран болуына байланысты аз уақыттын ішінде Ақжайық ауданында төтенше жағдайларды тудыратын оқиғалар орын алуда.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан жүргізушілер жолға шығып  «Орал-Атырау» тас жолында тұрып қалуларына байланысты ұялы телефон арқылы хабарласып көмек сұраған оқиғалар орын алды. Бізге түскен хабарлар бойынша: жолда автокөліктері сынып қалу жағдайлары - 4, жол тайғақ күндері жолдың жанына түсіп кету жағдайы - 6, боран және тұман күндері көліктердің соқтығысу оқиғасы - 2. Соған байланысты Ақжайық ауданындағы Жедел құтқару жасағы, Күре жолдық медициналық құтқару пункті, Өрт сөндіру бөлімдері, жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округ әкімдері, жергілікті полиция бөлімдері, жол-потрульдік қызметкерлері, №40 Қазавтожол қызметкерлері өздерінің міндеттері бойынша дереу жұмыс атқаруларына байланысты адамдарды дер кезінде жылыту пуктеріне көшіріп, жолдарды тазартып, автокөліктерді жолдың жанынан шығарды және жоғалған адамдарды табуға ауыл тұрғындарының да бірге іздестіруі нәтижесінде адамдарды тауып, табылған адамдар жылы жерге орналастырылды. Барлық ұялы телефондар, радио, теледидар арқылы ауа райының қолайсыздығы және тас жолдың жабылғаны туралы хабар уақтылы таратылғанына қарамастан  жолаушылардың жолға шығуына байланысты көптеген төтенше жағдайлар тудыратын оқиғалар орын алды. Алдағы уақытта Ақжайық ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі баршаңызға Қыс айларында ауа райы қолайсыз күндері, ұялы телефоныңызға «112» нөмірінен хабарлама келсе, алыс сапарға шықпай үйде болуларыңызды, қауіпсіздік шараларын ұстану керектігін,  жолдан адасып кеткен жағдайда немесе басқа да төтенше жағдайларға тап болсаңыз дереу «101» және «112» нөміріне хабарласуыңызға кеңес береді.   

                  Ақжайық ауданы Төтенше жағдайлар

                  бөлімінің  инженері азаматтық қорғау

                  лейтенанты  Кенжеғали Еламан Болатұлы