Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

11.01.2019

 

Өзен-көлдерде су қатысымен әуесқой балық аулаушылар үшін мұз астынан балық аулау маусымы басталғаны бәрімізге аян.

Сырым ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастамасымен, аудандық әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, жергілікті полиция қызметі және №12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері бірлесіп Аудан аумағында балық аулаушыларды балық аулау маусымы  кезінде орын алуы ықтимал төтенше жағдайлардан сақтау мақсатында рейд ұйымдастырды. Рейд барысында балық аулаушыларға «балық аулау кезіндегі сақтық шаралары мен қауіпсіздік ережелері» жазылған  жаднамалар таратылып, жаднамада жазылған сақтық шаралары таныстырылды.

Жыл басынан бері осындай рейдтер тек қана аудан орталығында ғана емес ауылдық округтерде де ауыл әкімдері мен жергілікті учаскелік полицейлердің қатысуымен түсінік жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда: Бұлан ауылы Шідерті өзенінде, Қосарал ауылы Бұлдырты өзенінде, Аралтөбе ауылы Шідерті өзенінде және Тоғанас ауылы Шолақ аңқаты өзендерінде.

Алдағы уақытта да  атқарылған жұмыстармен шектеліп қалмай, әсіресе алдымызда көктем мезгілі жақындап келе жатқандықтан, мұздардың еруі кезінде төтенше жағдайлардың орын алмауы мақсатында аудан әкімдігі мен жергілікті полиция қызметімен бірлесіп бірқатар жұмыстар атқару жоспарланып отыр.

Балықшылар мұздағы балық және аң аулауға шығар алдында келесі қарапайым қауіпсіздік шараларды сақтамайды:

-қатпаған мұзға шығу;

-балық аулауға шығар алдында жергілікті аумақтың ауа райын ескермеу;

-қатты суық темперетураға киген киімнің сәйкес келмеуі;

-таныс емес жерде балық аулау;

-қысқы далалық жолдарға бейімделген, жол талғамайтын көліктермен шығу.

Өмірді сақтап қалуға болатын осы шараларды ешқашан ұмытпаған жөн.

 Сырым ауданының Төтенше

жағдайлар бөлімінің бас маманы

азаматтық қорғау капитаны

Е.А. Тасқалиев