ҚАУЫРТ ЖЕЛІСІ ТУРАЛЫ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары! Түркістан облысының Арыс қаласында орын алған жағдайға байланысты БҚО ТЖ департаментінде «Қауырт желісі» жұмыс жасайды. Тәулік бойы 8 (7112) 55-40-90 телефон нөмірі бойынша сіз қажетті ақпаратты ала аласыздар.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД

Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

07.06.2019

 

7 маусым күні өңірлік комміникациялар қызметінің ақпараттық алаңында БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы полковник М.Хайрекеновтің, БҚО Білім басқармасының бөлім басшысы Л.Батырғалиеваның қатысуымен брифинг өткізілді.

 

- Департамент бөлімшелері суға түсу маусымы кезеңінде міндеттерді орындауға әзірлікке келтірілді. Барлығы 70 құтқарушы, 27 жүзу құралы, 2 катер және 15 автокөлік дайындалды. "БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ" ММ сүңгуірлері демалыс базалары иелерінің өтініштері бойынша жағажайлардың түбін тазарту жұмыстарын жүргізуде. Одан кейін әрбір жағажай иесі орындалған жұмыстар туралы акт алады, онда жағажайдың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін не істеу керек екені көрсетіледі. Департамент қызметкерлері су айдындарында суға түсу ережелерін түсіндіру бойынша үнемі үгіт-нсихаттау рейдтік шараларын өткізеді, алайда, өкінішке орай, атқарылып жатқан шараларға қарамастан облысымыздың су айдындарында 2019 жылдың суға түсу маусымы басталысымен 10 адам суға батып кетті, оның үшеуі бала. Бұлар, Орал қаласында - 3 адам, Ақжайық ауданында - 4 адам, Бәйтерек ауданында - 2 адам, Қаратөбе ауданында – 1 адам.

 

Сонымен қатар, Максим Абатұлының айтуына қарағанда, суға түсу маусымы кезеңінде LED-экрандарда медициналық мекемелерде, Орал қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында, "Галактика" және "Сити центр" сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан телеэкрандарда департамент дайындаған 3 бейнеролик көрсетіледі, судағы адамдар өлімінің негізгі себептері көрсетілетін бейнероликтер көрсетіледі, сондай-ақ қалалық мәдениет және демалыс саябағында су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары жүгіртпе жолда көрсетіледі. Сонымен қатар, Орал қаласының бас көшелерінің қиылысында жыл сайын бейнеэкрандарда осы тақырыптағы бейнероликтер көрсетіледі.

 

- Жалпы саны 9000 дана судағы қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттық парақшалардың 3 түрі, сондай-ақ жалпы саны 2000 дана Брайль бедерлі-нүктелі шрифтіндегі парақшалар әзірленді. Су айдындарындағы көпшілік демалыс орындарында қосымша "Судағы жүріс-тұрыс ережелері", "Суда зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету", "Жүзу құралдарын пайдалану ережелері" тақырыбы бойынша көрнекі стендтер, сондай-ақ құтқару қызметтерінің нөмірлері орнатылады. Өкінішке орай, су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептері ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы,  мас күйде суға түсуі, суға түсуге тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда шомылу, балалардың суда тентектік жасауы, - деді М.Хайрекенов.

 

Брифинг соңында журналисттер өз сұрақтарын қойып тұшымды жауаптарын алды.

 

БҚО ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы