Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

10.06.2019

 

7 маусым күні сағат 15.20-дан бастап Орал қаласы Елизарова көшесі Жайық өзеніде Жедел-құтқару жасағының 4 жұмысшысы, 1 жүзу құралы жүзуге жабдықталмаған орында суға батып кеткен 1999 жылы туған азаматты іздеу жүргізуде. Қазіргі сәтте іздеу жалғасуда. Өлім жағдайы анықталуда.

 

Сондай-ақ 8 маусым күні сағат 21.25-те Орал қаласы, Самал-3 шағын ауданында Шаған өзенінде Жедел-құтқару жасағының  4 жұмысшысы, 1 жүзу құралы мен 1 техникасы суға түсу үшін жабдықталмаған жерде мас күйенде суға батып кеткен шамамен 50 жастағы азаматтың мүрдесі табылып және судан шығарылды. Өлім жағдайы анықталуда.

 

2019 жылдың басынан бері облысымыздың су айдындарында суға батудың 12 фактісі тіркелді, соның үшеуі кәмелетке толмаған бала. 2018 жылдың ұқсас кезеңінде 10 суға бату фактісі тіркеліп, соның екеуі кәмелетке толмаған бала.

 

Жазатайым оқиғаларды болдырмас үшін суда келесі қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:

 

  • Қоршау белгісінен әрі жүзбеңіз!
  • Тыйым салынған орындарда суға түспеңіз!
  • Суға шомылған кезде камераны, допты, тақтайшаны қолданбаңыз!
  • Көпірден, бөгеттен, қайықтан және катерден суға секірмеңіз!
  • Өтіп бара жатырған катердің, қайықтың астынан жүзіп өтпеңіз!
  • Таныс емес жерде сүңгімеңіз!
  • Суда тентектік жасауға жол бермеңіз!
  • Жалған дабыл бермеңіз!

Есте сақтаңыз! Төтенше жағдай орын алған кезде «112» және «101» нөмерлеріне хабарласу қажет.

 

Батыс Қазақстан облысы ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы