ҚАУЫРТ ЖЕЛІСІ ТУРАЛЫ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары! Түркістан облысының Арыс қаласында орын алған жағдайға байланысты БҚО ТЖ департаментінде «Қауырт желісі» жұмыс жасайды. Тәулік бойы 8 (7112) 55-40-90 телефон нөмірі бойынша сіз қажетті ақпаратты ала аласыздар.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД

Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

11.06.2019

 

Тасқала ауданында Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жазғы суға түсу маусымы сондай-ақ өрт қауіпті кезеңі бойынша үгіт-насихат және де рейд жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда: аудандағы мектептердің жазғы демалыс лагерінің кішкентай балдарына және оқушыларына суға түсу маусымы кезінде сақтық ережелері туралы айтылып, дәріс оқылып, жадынамалар үлестірілді. Бұдан басқа сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, оқушылар өздері білмеген сұрақтарына жауап тапты, қосымша ретінде бөлім қызметкерлері судағы және өрт қауіпсіздігі ережелері жөніндегі бейнероликтер көрсетілді.

 

Осы іс-шара аяқталғаннан кейін Деркөл өзенінің жағалауындағы суға түсетін жерлерде рейдтік жұмыстар өткізілді. Рейдтік жұмыстары барысында суға шомылушыларға судағы сақтық ережелері түсіндіріліп, адамдардың су жағасында отбасыларымен, достарымен «пикник» ұйымдастыру кезінде отты пайдалану, өртті болдырмау, өрт қауіпсіздігі ережелері айтылып, жадынамалар таратылды. Сондай-ақ ауыл тұрғындарына суға бату фактісінің басым көпшілігі мас күйінде болатынын, суға түсу және шомылу білмейтіндер, кәмелет жасқа толмаған балалардың ересек адамсыз суға келуі, және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтанбау кесірінен орын алатыны да айтылып, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасып, аудандағы адамдарға сақтық ережелерін қатаң сақтау керек екені ескертіледі.

 

Тасқала ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерінің сөзі бойынша: - «Осындай рейд жұмыстары неғұрлым көбірек ұйымдастырылса, соғұрлым өрт оқиғалары және суға бату факторлары азаяды деген ойдамыз!» Суға түсу және өрт қауіпті кезеңінде сақтық ережелерін қатаң түрде сақтау қажет, аяқ астынан немесе ойламаған жерден орын алған қателік адам баласын өмірінен арашалауы мүмкін. Адам өмірінің құны шексіз! Әрбір адам осыны түсініп, қауіпсізді өмір сүруі қажет!

 

Тасқала ауданының

Төтенше жағдайлар бөлімі