Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

12.06.2019

 

Бөрлі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі Өрт сөндіру қызметінің 8,9-өрт сөндіру бөлімдерімен біріге шомылу кезінде қауіпсіздікті сақтауды түсіндіру бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда.

 

Азаматтардың суға кетуінің негізгі себебі ол қауіпсіздік ережелерін бұзуы және шомылуға арнайы белгіленбеген жерлерде суға түсу. Азаматтық қорғау қызметкерлерімен су қоймаларында төтенше жағдайларды алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Балаларды қоса халықпен, балықшылармен танымдық шараларды, яғни әңгімелесулер мен дәрістер өткізілуде. Профилактикалық жұмыстарына бұқаралық ақпараттар көздері де белсенділік білдіруде.  

 

Азаматтар көп шоғырланатын орындарда «Судағы қауіпсіздік», «Судағы зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету» тақырыптарында көрнекілік ақпараттық тақталар ілінді. Ауданның суға түсуге тиым салынған қауіпті су қоймаларына ауыл әкімдерімен тиым салу белгілері орнатылды.

 

Балалар жазғы лагерлерін басты назарға ала, Төтенше жағдайлар  бөлімі жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе балалардың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар атқаруда. Балалардың жазғы мезгілде су айдындарындағы қауіпсіздігін ұйымдастыруды ата-аналарға ақпараттау, зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетуге дағдылау мақсатында мектептерде өткізілген жиналыстарға қатысу ұйымдастырылды. Балалардың мектеп жанындағы легерьлерде тиімді кауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп жанындағы және шатырлы  лагерь басшыларымен дөңгелек үстел өткізілді.

 

«Бірігіп қатердің алдын аламыз!» және «Бала еңбегін қанауға қарсы -12 күн» тақырыптарында балалардың қауіпсіздігі және өз құқықтары акциясы өткізілді. Акцияның мақсатыбалалардың тіршілік әрекет қауіпсіздігінің негіздері жөнінде оқыту жұмысының нәтижесін арттыру, оқушылардың білімін және салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар құтқарушы мамандығын кенінен тарату, жеке басының құқықтарын түсіндіру болды.

 

Су айдандырында қаза болуды болдырмау, азаматтар көп жиналып суға түсетін орындарында қауіпсіздікті бұзбауды қадағалау мақсатында жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе демалыс, мейрам күндері рейдтер, қауіпті жерлерді патрульдеу ұйымдастырылуда, шара барысында профилактикалық әңгімелесу мен су қауіпсіздігі бойынша қағидалар жазылған жадынамалар таратылуда.

 

 Суда балалардың өлімін алдын алу бағытында, «Ақсай» спорттық кешенімен балаларды жүзу қағидаларына үйрету жұмыстары жүргізіледі. Сабақ спорт кешеннің бассейінде ұйымдастырылады. Ағымдағы жылдың осы кезеңіне дейін 100 аса бала жүзу қағидаларына үйретілді. Осы бағыт бойынша алдын алу жұмыстары жалғасуда.

 

Бөрлі ауданы ТЖБ бас маманы

азаматтық қорғау майор

А. Идалиева