Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

12.06.2019

 

2019 жылдың 10 маусым күні «Жас қыран» шатырлы лагерінде суға түсу  маусымына байланысты №6 Жедел құтқару жасағы мен Ақжайық ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бірлесе балалармен кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында суға  түсу ережелері суға батып, зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету  және суда болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау мақсатында дәріс оқылып, жадынамалар таратылып,  бейнероликтер көрсетілді. Азаматтық қорғау қызметкерлері су айдындарында суға түсуге қатаң тиым салғандықтан, мекеме басшылары легерге қаңқалы бассейн орналастырған болатын. Балалардың жүзіп үйрену үшін қаңқалы бассейн өте тиімді және қауіпсіз болып табылады. Ақжайық ауданы ТЖБ қызметкерлері балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық балалар лагерлеріне жоғарыда аталған бассейндерді орналастыруға шақырады.

 

Ақжайық ауданының ТЖБ