Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

01.07.2019

 

Өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды өткізу кезінде, әсіресе адамдар көп жиналатын нысандарда өрт сөндірушілерден ғимараттың барлық ерекшеліктерін, негізгі және қосалқы шығулардың орналасуын, өрт гидранттарының нысан аумағында орналасқан жерін және т.б. алдын ала  егжей-тегжейлі зерттеу талап етіледі.

 

2019 жылғы 28 маусымда "Батыс Арна" кезекті жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді, ол мұнай өнімдерін сақтаумен нысандағы өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды пысықтау, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің нысан әкімшілігі мен қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау, эвакуациялау жоспарына сәйкес адамдарды ғимараттан шығаруды ұйымдастыру мақсатын көздейді.

 

Оқу-жаттығудың мақсаты бойынша сағат 17: 00-де "Батыс Арна" ЖШС аумағында электр дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасының ережелерін бұзу нәтижесінде резервуарлардың бірінде дизель отының тұтанғаны туралы шартты дабыл түсті. "Батыс Арна" ЖШС әкімшілік ғимаратында адамдар болып, сондай-ақ көрші резервуарларға өрттің таралу қаупі болды. Бірнеше минуттан кейін шартты өрт орнына шығу ауданы нысаны орналасқан бірінші бөлімше келді.

 

Өрт-тактикалық оқу-жаттығуға 7 негізгі, 5 арнайы техника бірлігі,       2 ЖП экипажы, 1 АМО бригадасы, 1 ЖМК бригадасы жұмылдырылды.

 

Оқу-жаттығу барысында нысан күзеті мен өрт сөндіру қызметінің өрт сөндіру бөлімшелерінің өзара іс-қимылы пысықталды. Оқу-жаттығу көзделген міндеттеріне және мақсатына жетті.

 

А. Муканова

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы