Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

09.07.2019

 

БҚО ТЖД Теректі ауданының төтенше жағдайлар бөлімі алда келе жатырған мерекелік күндерде төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюды қамтамасыз ету мақсатында аудандық өрт сөндіру бөлімшесінің және аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп өрт қауіпті кезеңде орман және дала алқаптарында табиғи өрттердің алдын алу мақсатында және суға түсу маусымы кезеңіндегі сақтық шаралары бойынша аудан тұрғындары арасында, сонымен-қатар суға шомылу орындарындағы демалушыларға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Шара барысында аудан тұрғындарына табиғатта өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау ережелері және тиым салынатын шаралары түсіндірілді. Бұл ретте от жағуға, басқа да өрт қауіпті көздерді пайдалануға болмайтыны ескертілді.  Сөндірілмей кеткен от, құрғақ шөпке немесе жапырақтарға тасталған сөндірілмеген сіріңке өрттердің шығуына себепкер болатыны айтылды. Өрт қауіпсіздігі ережесін бұзған құқықбұзушы тұлғалар анықталған жағдайда әкімшілік іс-шараға дейін шара қолданылатыны  жауапкершілікке тартылатындығы түсіндірілді.Сонымен қатар, тұрғындарға дала немесе орман өртін байқаған кезде әрекет ету шаралары түсіндіріліп, өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша жадынамалар мен нұсқаулықтар таратылды.

Сондай-ақ суға түсу кезінде қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында демалушыларға суға түсу кезіндегі қауіпсіздік шараларын түсіндірдік. Бұл ретте суға түсуге тиым салынған жерлерде шомылмау, суда жүзуге қолдан жасалынған құралдарды пайдаланбау, өзендердің қатты ағысты, тік жарлы, батпақтанған және өсімдік өскен жерлерге шомылмау және т.с.с.

Биыл  аудан аумағында  1 – суға бату (кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім), 2 – құрғақ шөптің жануы және 9 – күл қоқыстың жануы орын алды. Аталған фактілер бойынша 10 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасы толтырылып, 2 іс – Теректі ауданының Полиция бөліміне жолданды.

Құрметті демалушылар! От пен су – тілсіз жау деп текке айтылмаған. Сондықтан өзімізді және табиғатты қорғайық!

        

Теректі ауданының ТЖБ инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты

А.Х. Камидуллиев