Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

11.07.2019

 

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында ағымдағы жылдың шілде айының 9 күні, Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жәнібек ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің  қызметкерлері өрт қауіпті кезен және тұрғын үй секторында өрттерді алдын алу мақсатында, аудандық орталық ауруханасында қауіпсіздік бойынша дәріс өткізді.

 

Дәріске аурухананың медициналық және техникалық қазметкерлері қатысты.

 

Дәрісте кезінде азаматтық қорғаныс, жаз кезінде қауіпсіздік, суда қауіпсіздік, жаз кезінде орын алған төтенше жағдайларда іс-қимылдар, өртті алдын алу және өрт кезіндегі іс-қимылдар  және т.б. мәселелер қаралды.

 

Дәріс барысында қатысушыларға аталған тақырыбтар кеңінен түсіндіріліп, бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар мен плакаттар таратылды.

 

Сонымен қатар, аурухананың қызметкерлерімен әсіресе өрт қауіпсіздікке жауапты қызметкерімен нұсқаулық жүргізіліп, өрт қауіпсіздік сабақтар мен жаттығуларды жие-жие өткізуге ұсыныс берілді.

 

 

БҚО ТЖД-нің Жәнібек ауданының ТЖБ-нің бастығы

азаматтық қорғау майоры

С.Алтаев