Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

12.08.2019

 

Кеше сағат 18:45 – де кезекші пультіне жол-патрульдік полиция қызметкерінен Кунаева көшесі 18 үй мекен жайы бойынша 3 жасар бала ата – анасының қарауынсыз қалып 6 қабаттың балконында қалып қойды деген шақырту түсті.

 

Аталған мекен жайға жедел тұрде ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қ.) ММ  4 құтқарушы мен 1 автокөлік барды.

 

Оқиға орнында жергілікті полиция қызметкерлері болды. Келісімен жағдайды анықтаған құтқарушылар 8-ші қабаттан 6-шы қабатқа альпинистік құрылғылармен түсіп, баланы түсіріп алды. Оны полиция қызметкерлеріне табыстап, ата-аналарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Кейін бала әжесінің қасында қалғаны, ал анасының жұмыста болғаны анықталды.

 

Жыл сайын 2 мен 6 жасар арасындағы балалар көпқабатты үйлердің балконынан немесе терезесінен құлап кетеп жатады. Осыған орай ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қ.) ММ  құтқарушылары жасөспірім балалары бар ата-аналарға қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде сақтауға кеңесм береді.

 

Уважаемые родители! Будьте осторожны. Не оставляйте своих детей без присмотра.

 

Құрметті ата-аналар! Абай болыңыздар. Балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыз.

 

Б. Хайбуллина

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы