Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

12.08.2019

 

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жыл сайынғы «Полиглот» тілдер конкурсы өтті.

 

Салтанатты шараны алғы сөзбен әділқазылар алқасының төрағасы, БҚО ТЖД бастығының орынбасары Н.Таубеков ашып, конкурстың барлық қатысушыларына сәттілік тіледі.

 

Конкурстың шарты бойынша әрбір қатысушы тапсырмаларды үш тілде орындап жоғары білім көрсетті. Конкурстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарды: І орынды – «БҚО ТЖД  Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің өрт сөндіруді ұйымдастыру және авариялық-құтқару жұмыстары бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Джирентаев Рустам, ІІ орынды - «БҚО ТЖД  Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің қызметкері Хайбуллина Ботагоз, ІІІ орынды – Орал қ. ТЖ басқармасының инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Уразгалиев Дамир алды. Барлық конкурсанттарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

Қыркүйекте «Полиглот» республикалық тілдер конкурсы Қарағанды қаласында өтеді, онда конкурс жеңімпазы БҚО ТЖД-ны таныстыратын болады.

 

Аталмыш конкурсты өткізудегі мақсат – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдің үштұғырлығы» мәдени жобасын іске асыру, қазақ, орыс, ағылшын және басқа да тілдерді жетік меңгерген қызметкерлерге қолдау көрсету.

 

Батыс Қазақстан облысы

Төтенше жағдайлар департаменті

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы