Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

13.01.2019

 

2019 жылы "ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қ.)" ММ-ға ақаулы лифтіден адамдарды шығару қажеттілігі туралы 56 хабарлама келіп түсті. Осы жұмыстар барысында 92 адам құтқарылды, оның 14-і бала. Әсіресе, құтқарушыларды алаңдататын жағдай ол лифтілерде балалардың жиі тұрып қалатыны.

 

Әрбір адам ең бірінші білуі қажет ақпарат - бұл Лифтінің әрбір кабинасында лифтіні пайдалану ережелері, сондай-ақ Қызмет көрсетуші персоналмен және авариялық қызметпен байланысқа арналған телефон нөмірі көрсетілген тақтайшалар ілінуі тиіс. Бұл нөмірді өз ұялы телефоныңызға жазып алыңыз немесе есте сақтауыңыз қажет.

 

Негізінен лифтінің тоқтауы адамдардың өздерінің кінәсінен орын алады. Орташа алғанда, тұрғын үйлердегі лифтілер 350-ден 400 килограмға дейінгі жүкті көтеруге есептеледі - бұл 5-6 адамның салмағы. Бірақ адамдар көбінесе бұған назар аудармайды. Нәтижесінде адамдар тығыз кеңістікте тұрып қалады.

 

"Кабинаға көп кідірмей кіріңіз. Бірінші болып ересектер кіруі қажет, содан кейін балалар кіреді". Бұл ереже есіктің ашық қалатын уақыты ұзақ болмауына байланысты. Әдетте 5-7 секунд уақыт аралығы. Осы уақыт ішінде кабинаға кіріп үлгерген жөн. Бірінші ересектерге кіру ұсынылады. Бұл лифтілердің көпшілігі жүк өлшегіш құрылғымен жабдықталғандықтан, ол 15 кг және одан жоғары жүктеме кезінде әрекет ете бастайды, бұл ретте есіктерді ашық күйде ұстау уақыты автоматты түрде ұзарады.

 

Егер сіз лифтіде тұрып қалған жағдайда, не істеуіңіз керек?

 

Алдымен өз-өзіңізді тыныштандыруыныз  керек, себебі үрей жағдайында мәселені шешу мүмкін емес. Егер Лифтінің кабинасындағы диспетчерді шақыру батырмасы жұмыс істемесе, құрылғы нөмірі бойынша «112» нөміріне хабарласыңыз, диспетчерге болған жайды түсіндіріп айтыныз лифтіде науқастар, қарт адамдар мен балалар бар-жоғын айтуыңыз керек. Құтқарушылар күн сайын осындай шығуларға шығып, жедел көмек көрсетеді.

 

Құтқарушылар ескертеді :

 

 Лифтіде  тұрып қалған жағдайда не істеуге болмайды?

  • Біріншіден, үрейленбеңіз. Қорқынышты ештеңе болған жоқ. Технологияларда ауытқулар болып тұрады. Егер сіз маңызды іске асығып тұсаңыз немесе үйде кішкентай бала қалса, мәселені телефон арқылы шешуге болады.
  • Екіншіден, лифтіден өздігінен шығуға тырысу. Тіпті, егер сіз ол орнынан жылжып кетпейтініне сенімді болсаңыз да, есік ашуға тырысқанда қажеті жоқ кез келген секунтта лифт қозғалып кетуі мүмкін.
  • Үшіншіден, секіру және лифтіні одан әрі қозғалтуға тырысуға болмайды. Жарық өшіп қалған жағдайда бұл пайдасыз, тұрып қалған кезде мүлдем қауіпті.

 

Б. Хайбуллина

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы