Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

13.08.2019

 

10-11 тамыз аралығында Орал қаласында алғаш рет триатлон бойынша ҚР чемпионаты мен Кубогі өткізілді. Қаламыздың орталық демалыс саябағында өткізілген жарысқа ҚР түкпір-түкпірінен спортшылар жиналды. Соның ішінде, өзіміздің қала спортшылары да бар.

Көпшілік жиналатын түрлі іс- шаралар кезінде кезекшілікке шығатын Апаттар медицина орталығы қызметкерлері осы жолы да жедел құтқару жасағымен бірге кезекшілікке шықты.

 

Екі күн қатарынан өткізілген жарыста спортшылар 300, 700 шақырым жерге дейін жүзу, жүгіру, веложарыстарына қатысты. Филиал қызметкерлері жедел құтқару жасағымен бірлесе отырып, спортшылардың судағы, жердегі қауіпсіздіктерін қадағалап жүрді. Спортшылардың ептілігіне байланысты қуанышқа орай, көп жарақаттанулар болмады.  Жүгіру кезінде жарақат алған Ақтөбе қаласының тұрғыны жас спортшы қызға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

                         

ҚР ІІМ ТЖК «АМО»ММ БҚО филиалының фельдшері

Жумабаева М.Т.