Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

13.08.2019

 

Терезеден құлау - әсіресе қалалардағы балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Балалар ашық терезенің алдында өте әлсіз.

 

"Ата-аналар балаларды қараусыз қалдырғанда, құлау жағдайларының көбі орын алады. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз. Ешқашан москит торына сенім артпаңыз. Олар құлаудан қорғамайды. Керісінше, москит торы қайғылы оқиғаға әкеледі, өйткені бала оны ұстап тұрып өзін қауіпсіз сезініп, терезеге де ұмтылады. Терезелерді төменге қаратып емес, жоғарыға қарата ашыңыз.

 

Сонымен қатар, "БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ" ММ құтқарушылары желдету кезінде баланың баөқылауда екеніне көз жеткізуді ұсынады. Балаларға үлкендердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз. Ұйықтап жатқан баланы жалғыз қалдырмаңыз, себебі ол оянып кеткен жағдайда ашық тұрған терезеге баруы мүмкін.

 

Барлық жиһаздарды, кереуеттерді терезеден алшақ орналастырыңыз. Бұл баланың терезе жақтауына оңай мінуіне кедергі болады. Сондай-ақ, құтқарушылар балаларға терезені өз бетінше ашуға, терезе алдына биік орындық қою арқылы далаға қарауды үйретпеуге кеңес береді.

 

 Балаға терезеден қарау немесе балконнан көшеге қарау үшін аяқ астына орындықты немесе өзге де құралдарды қоюды үйретпеңіз. Кейіннен, осындай жолмен әрекет ете отырып, ол сыртқа, терезе алдына шығып, құлап кетуі мүмкін.

 

Б. Хайбуллина

Батыс Қазақстан облысы Төтенше

жағдайлар департаментінің

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару

жұмыстары қызметінің мемлекеттік

тіл және ақпарат тобы