Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

09.09.2019

Саяжай учаскелеріндегі өртті сөндіру өте қиын. Әсіресе, бұл өрт сөндіру бөлімінен алыс орналасқан бау-бақша кооперативтеріне қатысты. Саяжайлардағы өту жолының тарлығы өрт орнына өрт сөндіру машиналарының дер кезінде жетуін қиындатады. Бау-бақша иелері аллей енінің есебінен өз учаскелерін кеңейте отырып, дуалдарды өз бетімен тасымалдайды.

2019 жылғы 7 қыркүйекте сағат 18.09-да  «БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Орал қаласы Волна с/т мекенжайында орналасқан саяжай үйінде өрт шыққаны туралы қоңырау келіп түсті. Бірнеше минуттан соң № 8 МӨСБ өрт сөндірушілері шақырту орнына келіп, барлау жұмыстарын жүргізу кезінде ауданы 50 ш.м. саяжай үйінің жанғанын анықтады. Өрт ошағы сағат 18.34-те оқшауланып, 19.00-де толық жойылды. Аталған өртті сөндіруге жеке құрамнан 6 адам және 2 техника жұмылдырылды.

Бұл өртте зардап шеккендер жоқ.

Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары, саяжай учаскесінде өрт шыққан жағдайда, бірінші кезекте өрт туралы 101 немесе 112 телефоны арқылы нақты мекенжайды көрсетіп өртке қарсы қызметке хабарлаңыздар, адамдарды эвакуациялау бойынша шаралар қабылдап және бау-бақша қоғамының барлық мүшелерін тарта отырып, қолда бар құралдармен өртті сөндіруге кірісіңіздер.

Б.Хайбуллина

Батыс Қазақстан облысы Төтенше

жағдайлар департаментінің

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару

жұмыстары қызметінің мемлекеттік

тіл және ақпарат тобы