Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

 10.09.2019

Бүгінгі күні БҚО ТЖД және оның аумақтық бөлімшелерінің офицерлік құрамы облыстың орта білім беру мекемелерінде жалпы ата-аналар жиналыстарына қатысуда. Жұмыс үгіт-насихат материалдарын тарату, персоналдарға нұсқаулық өткізу, слайдтық сүйемелдеумен сөз сөйлеу арқылы жүргізіледі.

Өткізілетін жиналыстың басты мақсаты - ата-аналар қоғамының назарын балалардың тіршілік әрекетінің түрлі салаларында: мектепке және үйге барар жолда; көшеде, электр құралдарын қолданғанда, компьютермен жұмыс істегенде және т.б. қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелеріне тәрбиелеу. Балалардың қауіпсіздік мәселесі бүгінгі күні ең маңызды және өзекті мәселелердің бірі болып табылады, өйткені біздің балаларымызға қауіп барлық жерде төніп тұр: жолда, аулада, үйдің кіреберісінде және бала кез келген жерде де болуы мүмкіндігі.

 Отбасы мен мектептің маңызды міндеті - баланы өзіне және қоршаған адамдарға, ортаға жауапкершілікпен қарауға, қауіптерді алдын ала білуге және тани білуге, жеке қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтауға, төтенше жағдайларда мінез-құлық моделін құруға үйрету.

Ересектердің балаларға қатысты негізгі жауапкершілігі - бұл балалар өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмей өмір сүре алатын және дамитын қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету. Сондықтан біз балалардың денсаулығы мен өміріне жағымсыз әсер етуі мүмкін қауіптердің алдын алуға үшін әрдайым мұқият болуға тиіспіз.

Балалар үшін бірнеше негізгі өмір ережелерін еске саламыз:

- ата-аналар күн сайын балалардың қауіпсіздігіне көңіл бөлуі тиіс;

- өз пәтеріндегі жағдайлардың қауіпсіздік жағын талдау;

- балаларға үй және мектеп шағын ауданында "қауіпсіздік" экскурсиясын өткізу;

- балалармен қауіпсіз жүріс-тұрыс жаднамаларын талқылау.

 

Зілзалалардың қауіп қатерін азайту және

азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті