Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

 11.09.2019

2019 жылдың 6 қыркүйегі күні Көкшетау қаласы, Зеренді ауданына қарасты «Сұңқар» демалу базасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты қызметкерлер арасында «Полиглот-2019» республикалық байқауы өтті.

Сайыстың басты мақсаты – Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тілдердің үштұғырлығы » мәдени жобасын іске асыру, үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын және одан да көп тілдерді жетік меңгерген қызметкерлерді анықтау және қолдау болды.

Сайысты Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Алексей Сергеевич Советов ашып, қатысушыларға ізгі тілек арнады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығатын жеңімпаздарды анықтайтын қазылар алқасының төрайымы  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің өкілі, әділ-қазы мүшелері Ақмола облысы Тілдер басқармасының маманы мен Нұр-Отан партиясының қызметкері болды. Сайысқа  15 облыс пен 3 қаладан 18 сайыскер қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жақсы меңгергенін көрсетіп, әртүрлі төтенше жағдайларда тілді жазбаша және ауызша пайдалану жайын айтып берді. Барлық қатысушылар қазақ мәдениеті мен халық дәстүрлерін терең білетіндерін көрсетті, латын әліпбиіндегі грамматикалық тапсырмаларды орындады. Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша ең үздік сайыскер Батыс Қазақстан облысынан келген қатысушы өз қарсыластарын айтарлықтай басып озған, өртке қарсы қызметте 2013 жылдан бері еңбек ееттін «ӨС және АҚЖҚ» ММ бас инженері Рустам Джирентаев танылды.  Джирентаев Рустам Мазхарұлы өртке қарсы қызмет саласында 2013 жылдың сәуір айынан бастап қызмет атқарып келеді. Осы күнге дейін өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушісі, өрт сөндіруші-құтқарушы, қарауыл бастығы, өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің инженері, аға инженері лауазымдарында жұмыс жасады. Үйленген, бүгінде  3 баланың үлгілі әкесі атанып отыр.

Рустамға қол жеткен жетістікпен шектелмей, қызмет саласындағы өз білімін одан әрі арттырып, дағдыларын шыңдауға тілектеспіз.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД