Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

 11.09.2019

2019 жылдың 15 тамызынан 15 қыркүйегіне дейінгі Батыс Қазақстан облысының аумағында «Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі» айылығы аясында Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында қыркүйек айының 8, 10-ы күндері, БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» № 21 ӨСБ ММ-нің гимаратында аудан орталығы Жәнібек ауылының Т.Жароков және А.Оразбаева атындағы мектептердің оқушылары арасында экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында оқушыларға өрт сөндіру техникалары, өрт сөндірушінің құрал жабдықтары көрсетіліп, өрт сөндіруші-құтқарушылардың қызметі туралы түсінік шаралары жүргізілді

Сонымен қатар, аудан аумағында орын алған төтенше жағдайлар туралы айтылып, орнатылған стендтердегі фотосуреттер көрсетіліп, төтенше жағдайлар кезінде не істеу керегі туралы дәріс өткізілді. Дәрісте: «Қыс кезіндегі қауіпсіздік, азаматтық қорғау», «Өрт қауіпсіздігі», «Тұрғын үйдегі өрт», «Өрттің алдын алу және өрт кезіндегі іс-қимылдар», «Көкшетау техникалық институты» туралы тақырыптар қарастырылды.

Дәріс барысында қатысушыларға қатты аяз, боран, көк мұз, мұздағы қауіпсіздік, жол және көшедегі жүріс-тұрыс тәртібі, «Дабыл» сигналын естігенде не істеу керек, қыс кезінде далада қалған кезде не істеу керек, өрттің алдын алу, өрт кезінде не істеу керек, күнделікті электраспаптарын қолдану тәртібі, Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу үшін қандай дайындылық қажет, алғашқы медициналық көмек, жол қауіпсіздігі, үй жағдайында жарақат алу, құрылыс матераиалдарымен жұмыс жасаған кездегі жарақат, жол қөлік жарақаты, көшедегі жарақат және т.б. мәселелер қаралды.

Экскурсия аяғында балалар өрт сөндірушінің киімдерін (БОП және ТОК-200) киіп көріп, естелікке фотосуретке түсті. 

 

БҚО ТЖД-нің Жәнібек ауданының ТЖБ-нің

 аға инженері  азаматтық қорғау аға лейтенанты   

Д.Сарсенов