Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

 11.09.2019

БҚО ТЖД Ақжайық ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ағымдағы жылдың қыркүйек айында аудан аумағында «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында акция  ұйымдастырп өткізуде.

Акция барысында Бөлім қызметкерлері және №-10 Өрт сөндіру бөлімі бірлесіп 2019 жылдың 11 қыркүйегі күні Ақжайық ауданы Білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы орта жылпы білім беретін мектебінде» балалар арасында келеңсіз жағдайлардың және жарақаттанулардың алдын алу мақсатында  «Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігін, электр қондырғыларын пайданалу кезіндегі қауіпсіздікті» сақтау шараларын түсіндіру бойынша кездесу жүргізілді.  Оқушылар мен қызметкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқамалар жүргізілді, атап айтқанда:

  • Электр және газ құралдарын қосулы күйінде қалдырмаңыз, сондай-ақ оған балдарды жақындатпаңыз;
  • Уақытша және зақымдалған электр өткізгіш сымдарын пайдаланбаңыз ;
  • Газдың жіберіп тұрған жерін тексеру үшін ашық отты пайдаланбаңыз;
  • Сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз және т.с.с.

Сондай-ақ, оқушыларға өрт қауіпсіздігі тақырыбында видеороликтер көрсетіліп нұсқаулар таратылды.

өрт оқиғасы орын алған жағдайда тез арада қауіпсіз жерге бет алып телефон арқылы «101» немесе «112» нөмеріне хабарласу қажеттігі түсіндірілді.

                                   

Ақжайық ауданының ТЖБ бас маманы

азаматтық қорғау аға лейтенанты

 Кашкинбаев Р.Ш.