Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

 11.09.2019

Өрттердің алдын алу мақсатында, сонымен қоса өрт қауіпсіздігі ережелерін оқып және алдын алу шараларын білу бойынша халықтың зейінін арттыру үшін Шыңғырлау ауданында Шыңғырлау ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі адамдардың қазасы мен жарақат алуының алдын алу іс-шаралары кешені жоспарлануда.

Әр жыл сайын аудан аумағында өрттердің ең көп саны тұрғын үй секторында болады. 9 айда 8 өрт тіркелді.

Өрттердін негізгі шығу себептері - электржабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, тұрғындардың отқа салғырт қарауы, пештерді қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, балалардың отпен ойнауы.

Халықты барынша қамту үшін №48 Өрт сөндіру авариялық құтқару бөлімшесі «Өрт сөндіруші» АҚ қызметкерлері арқылы Акшат ауылының тұрғын үй секторында сеңбілік өткізді. Ауылды аралау кезінде тұрғындарға өрт қауіпсіздігі бойынша әзірленген жаднамалар таратылды.

Құрметті азаматтар! Өртті байқаған кезде лезде шұғыл қызметтерінің «101», «112» нөмірлеріне хабарлаңыз.

 

Шыңғырлау ауданының ТЖБ бастығының м.а.

азаматтық қорғау аға лейтенанты

Р.Ж. Шукаев