Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

 11.09.2019

2019 жылдың 11 қыркүйегі күні Жаңақала ауылында орналасқан Жаңақала мектеп гимназиясында ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыс кезінде ата-аналарға балалар қауіпсіздігіне байланысты бейнеролик көрсетіліп, балалардың қауіпсіздігі талқыланды. Ата-аналар мен тәрбиешілер балаларға әрдайым қауіпсіздік ережелерін ескертіп отыруы тиіс, осындай іс-шаралар есебінен көптеген оқиғалардың алдын алуға болады. Түнгі уақытта балалардың қауіпсіздігін күшейту үшін жатаханада кешкі сағат 21:00-ден бастап таңғы сағат 9:00-ге дейін тәрбиешілер кезекшілік жүргізеді. Кешкі уақытта балалардың жақсы ұйықтауы және ештеңеге алаңдамауы үшін кешкі сағат 21:00-ден таңға дейін ұялы телефондары тәрбиешілерде болады. Жаңақала ауданы ТЖБ қызметкерлері өрттен сақтау үшін жиналыста ата-аналар  мен тәрбиешілер құрамына келесілерді ескертті:

-  балалардың сіріңкемен және отпен ойнауына жол бермеңіз;

-  пештерді әрдайым тексеріп, бақылаусыз қалдырмаңыз;

-  ток көзіне қосылған электр құралдарды қараусыз қалдырмаңыз;

-  демалыс уақытында балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыз;

-  балаларға қауіп тигізу мүмкін құралдарды балалардан жасырын ұстаңыз;

-  балалармен сенімді қарым-қатынас орнатып, қауіпсіздік ережелерін олардың есіне салып отырыңыз.

 

Батыс  Қазақстан облысы ТЖ департаментінің

Жаңақала ауданының ТЖ бөлімінің аға инженері

азаматтық қорғау лейтенанты Д.Беркаиров