Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

16.09.2019 

Көліктегі өрт негізінен байқаусыз басталады.

Түтін мен исі шыққанға дейін оны байқау оңай емес, ал байқаған жағдайда өрт сөндіргіш құралдың көмегі қажет болмайтын жағдайға дейін өршуі мүмкін. Автокөлік салонын өрттің құрсаулау уақыты жану сипатына байланысты бірнеше секундтан 3 минутқа дейін болады. Ал 10 минуттың ішінде жеңіл автокөлік толығымен жанып кетуі мүмкін. Автокөлік құралдарының өртке қарсы жағдайын жақсарту және ондағы өрттердің алдын алу мақсатында, Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы келесі мәселелерге аса назар аударуды ұсынады:

2019 жылғы 13 қыркүйекте сағат 16.47-те  « БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Орал қ., Ауэзова-20 мекенжайында автокөлікте өрт шыққаны туралы қоңырау келіп түсті. № 6 ӨСБ өрт сөндірушілері шақырту орнына келіп, барлау жұмыстарын жүргізу кезінде: «BAZ-2109» маркалы автокөлігінде қозғалыс кезінде өрт шыққанын, Мотор бөлігі өртенгенін анықтады. Аталған өртті сөндіруге жеке құрамның 6 адамы және 1 техникасы жұмылдырылды.

Өртте зардап шеккендер жоқ.

Өрттерді болдырмау және автокөлік құралдарының өртке қарсы жай-күйін жақсарту мақсатында келесілерге назар аударыңыз:

  • қуат көзі жүйесінің герметивті жалғануы;
  • электр сымының кузов элементтері мен аспап қалқанына берік жалғануы;
  • қосымша электр құрылғыларының (электрлік оталдыру шығырының, тұманға қарсы шамдардың, қосымша сигналдардың) және т.б. дұрыс орнатылуы;
  • ақаусыз өрт сөндіру құралының болуы.

Автотұрақ бөлмелерінде (гараждарда):

  • жанар-жағар май багінен, жанар-жағар май өткізгіштерінен, карбюраторлардан майы ағып тұрған, сонымен қатар электрмен қамтамасыз ету жүйелері өшірілмеген автокөліктерді тұрғызуға;
  • электр сымдарын дәнекерлеусіз қосуға;
  • автокөліктерді бояуға, мөлшерден тыс жанар-жағар май құюға;
  • бөлшектерді тез лаулайтын және жанатын сұйықтықтармен жууға;
  • жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде ашық отты қолдануға;
  • тез лаулайтын және жанатын сұйықтықтарды сақтауға жол бермеу қажет.

 

Б.Хайбуллина

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы