Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

17.09.2019

 

Өрт сөндірушінің жұмысы қиын және қауіпті, өрт сөндірушілерге денсаулықтары мен өмірлеріне қауіп төндіре, материалдық және мәдени құндылықтарды қорғап, адамдарды құтқарып, азаматтардың бейбіт тыныштығын қамтамасыз етуге жиі тура келеді.

Өрт материалдық шығын келтіреді және кейбір жағдайларда адамдардың қаза болуына алып келеді. 2019 жылғы 14 қыркүйекте  сағат 01.19-да  «БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Орал қ., Теректі ауданы Пакатилова ауылы Абай 79 мекенжайында өрт орын алғаны туралы қоңырау келіп түсті. № 12 ӨСБ өрт сөндірушілері шақырту орнына келді. Өрт орнынан қаза тапқан үй иесі табылды. Сағат 02.20-де өрт ошағы оқшауланып, сағат  сағат 02.42-де толығымен жойылды. Аталған өртті сөндіруге жеке құрамның 4 адамы және 1 техникасы жұмылдырылды.

 

Б.Хайбуллина

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік