Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

17.09.2019

 

2019 жылғы 16 қыркүйекте сағат 15.24-те  «БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Орал қ., Зашаған кенті Сарытау шағын-ауданы Гувжина мекенжайында орын алған өрт туралы қоңырау келіп түсті.

Бірнеше минуттан кейін қызметтің № 3 МӨСБ өрт сөндірушілері шақырту орнына келіп, барлау жұмыстарын жүргізу кезінде: тұрғын үйдің шатыры мен қабатаралық ағаш жабыны өртенгенін анықтады. Өрттің жалпы шарпып өткен ауданы 70 ш.м. құрады. Осыған байланысты № 8 ӨСБ-дан қосымша техника шақыртылды, сағат 22.44-те өрт ошағы оқшауланып, сағат 00.33-те толығымен жойылды. Аталған өртті сөндіруге жеке құрамның 16 адамы және 5 техника жұмылдырылды.

Бұл өртте зардап шеккендер жоқ.

 

Б.Хайбуллина

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

.