Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

24.01.2018

  

 

2017 жылдың өткен кезеңінде Батыс Қазақстан облысы аумағында автокөлікте 117 өрт оқиғасы тіркелді, бұл жалпы өрт санының 18% құрайды (663 өрт), ал өрт салдарынан келген материалдық шығын  80 млн. 398 мың  000 теңге, 13 адам қаза тауып, түрлі ауырлық дәрежесіндегі жарақатты 18 адам алған болатын.

 

 

Автокөліктегі өрттің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні БҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау – профилактикалық қызмет басқармасы «Жолаушылар көлігі мен  автокөлік жолдары» ММ бірлесіп жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйым өкілдерімен кездесу өткізді.

 

 

Кездесу барысында автокөлікті пайдалану барысындағы өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері түсіндірілді. Статистика көрсеткендей авария немесе ЖКО кезінде автокөлік жүз жағдайда бір кездесетін жағдай - бензин багын немесе жанармай жүйесін зақымдаған сәтте өртке оранады. Ал қалған жағдайларда өрт қарапайым өрт қауіпсіздігі ережесін бұзған кезде, атап өтсек: электр тоғының тұйықталуы, жанармай беру жүйесінен сұйықтық ағу, салонда темекі тарту, тез тұтанатын жүкті тасу кезіндегі салғырттық, жанармайдың төгілуі, жануы, машинада жатқан өздігінен тұтанатын шүберектер, машинаға көпвольтті тоқтардың құлауы іспеттес жағдайларда орын алып жатады.

 

 

Жанудың немесе өрттің басты белгілерінің бірі түтін иісінің болуы, бықсыған резеңкенің иісі, жану орнынан түтін шығу, қарама-қарсы келе жатқан көліктердің сізге берген белгілерін атап өтуге болады.

 

 

ҚАНДАЙ ДА БОЛМАСЫН ОҚИҒАЛАРҒА ТАП БОЛМАС ҮШІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА АЛУЫ ТИІС ЕРЕЖЕЛЕР:

 

- айына кем дегенде бір рет білікті мамандармен тоқ жүргізу және жанармай жүйесіне тексеріс жүргізу;

- жүксалғышта әрдайым жарамды үлкен көлемді өрт сөндіргіш сақтап жүріңіз;

- машина капотында майланған шүберектерді тастамаңыз;

- қозғалтқышты жылыту үшін материал қалдықтарымен бүркемеңіз;

- салқын уақыттарда қозғалтқышты жылыту үшін ашық от көздерін қолданбаңыз;

- өздігіңізден машинаның электржабдықтарын жөндемеңіз.

Автокөлік құралдарының иелеріне көлікті басқару барысында қарапайым сақтық шараларын орындау қажеттігі жөнінде ескертеміз.   Өрт ешкімді аямайды,  шығын есептегенше өрттің алдын алғаныңыз жөн екендігін тағы да есіңізге саламыз.

 

БҚО ТЖД ӨҚСБПҚБ бас маманы

азаматтық қорғау лейтенанты А.Кадыров